Online Radio Box uses cookies in order to provide the best service for our users. Preferred radio stations and music genres, user's Favorites, stations reviews and many other services need your personal data processing.
Please click "I agree" to ensure that you'll have the best experience of using our website. Alternatively, you can select which cookies or technologies you want to allow in "Settings".
Install the free Online Radio Box app for your smartphone and listen to your favorite radio stations online - wherever you are!
«Classic» радиосы 2011 жылдың 6 маусымынан бастап 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастады. 2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты.
Қазақстандағы және Орта Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы - «Қазақстан» РТРК АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының біріккен жобасы.
Show more
Отличные программы на русском. Есть архив на сайте.
Information about the radio
«Classic» радиосының негізгі идеялық рухани дем берушісі - Қазақстан Республикасының Халық әртісі - Жәния Әубәкірова.
Шығармашылық ұжымның директоры - өнертану ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік магистрі, Жұманиязова Раушан Кеңесқызы. Білікті басшының ұйымдастыруымен «Classic» радиосы, Ресейдің Радио “Орфей”(Мәскеу), BR-Klassik (Германия, Мюнхен), BBC3 (Ұлыбритания, Лондон), KUSC ( АҚШ, Лос-Анджелес) сияқты беделді радиостанцияларымен ынтымақтастық байланыс орнатқан.
«Classic» радиосының мақсаты - тарихта қалған және қалатын мәдени құндылықтарды дәріптеп, классикалық музыканың мол қазынасын тыңдарманның рухани азығына айналдырып, музыка әлемінің ғажайып тілін ұғындыру.
«Classic» радиосының негізгі міндеттері:
- Радиотыңдаушылардың мәдени және эстетикалық сұраныстарын, талап-тілектерін қамтамасыз ету;
- Бірнеше ғасырлар бойы сақталып келген музыкалық өнердің үздік үлгілеріне аудиторияның еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Классикалық музыканы дәріптеу және насихаттау;
- Отандық композиторлар мен орындаушыларды қолдау және дәріптеу;
- Мәдени-танымдық және музыкалық білім берудің бірегей бағдарламаларын жасау.
«Classic» радиосы толығымен сандық спутниктік байланыс арқылы 18 сағат бойы үзіліссіз хабар таратуға бейімделген. Күн сайын қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстанның және шет елдердің мәдени жаңалықтары тікелей эфирден таратылады.
Бүгінде «Classic» радиосының эфирі эксклюзивті танымдық-музыкалық бағдарламалармен толығып келеді.
«Киноблюз», «Диалог», «Классикомания», балаларға арналған қазақ және орыс тілді «Музыкалық Одиссея», «Культурная мозаика с Жанией Аубакировой», «Грани», «Jazz Time», «Тылсым перне», «Игра в бисер с Нургуль Ертаевой», «Арнайы шығарылым» бағдарламалары тыңдарманның рухани қазынасына айналды. Бұл - «Classic» радиосының төл өнімдері.
«Classic» радиосында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлектері, өнертанушылар мен кәсіби музыканттар қызмет атқарады. Бағдарламалардың мазмұнды, сапалы және көркем болуы шығармашылық ұжымның еселі еңбегінің жемісі.
2013 жылы Лондонда «Classic» Радиосының «Классикомания» бағдарламасы «AIBs Inspiring Creativity Awards» телерадио хабарларын тарататын халықаралық ассоциациялар байқауында көңіл сергітетін, білім беретін, біртума бағдарлама ретінде арнайы дипломмен марапатталып лауреат атанды.
2013 жылы Fashion TV Awards рәсімінде «Classic» радиосына «За то, что не выходит из моды» сыйлығы тапсырылды.