이 사이트는 cookies을(를) 사용합니다. 이 웹사이트를 계속 사용하면 쿠키 사용에 대한 정책에 동의하는 것으로 간주됩니다.

스마트폰에 무료 Online Radio Box 앱을 설치하고 좋아하는 라디오 방송을 온라인으로 어디서든 들어보세요!

×
좋아요 ? 즐겨찾기에 저장하세요
×
좋아요 ? 리뷰를 남겨주세요
×
×
우크라이나와 함께하세요. 세상의 평화를 지키세요!

Radio Classic

아스타나, 102.7 MHz FM
평점: 5.0 리뷰: 3
«Classic» радиосы 2011 жылдың 6 маусымынан бастап 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастады. 2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты. Қазақстандағы және Орта Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы - «Қазақстан» РТРК АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының біріккен жобасы. 더 보기
59 0

관련 라디오 방송국

Radio Classic 리뷰

  • 5
    07.01.2023
    very nice!
  • 5
    09.02.2019
    Все время слушаю! Потрясающе!
  • 5
    20.03.2018
    Отличные программы на русском. Есть архив на сайте.

라디오 정보

«Classic» радиосының негізгі идеялық рухани дем берушісі - Қазақстан Республикасының Халық әртісі - Жәния Әубәкірова.

Шығармашылық ұжымның директоры - өнертану ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік магистрі, Жұманиязова Раушан Кеңесқызы. Білікті басшының ұйымдастыруымен «Classic» радиосы, Ресейдің Радио “Орфей”(Мәскеу), BR-Klassik (Германия, Мюнхен), BBC3 (Ұлыбритания, Лондон), KUSC ( АҚШ, Лос-Анджелес) сияқты беделді радиостанцияларымен ынтымақтастық байланыс орнатқан.

«Classic» радиосының мақсаты - тарихта қалған және қалатын мәдени құндылықтарды дәріптеп, классикалық музыканың мол қазынасын тыңдарманның рухани азығына айналдырып, музыка әлемінің ғажайып тілін ұғындыру.

«Classic» радиосының негізгі міндеттері:

- Радиотыңдаушылардың мәдени және эстетикалық сұраныстарын, талап-тілектерін қамтамасыз ету;

- Бірнеше ғасырлар бойы сақталып келген музыкалық өнердің үздік үлгілеріне аудиторияның еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- Классикалық музыканы дәріптеу және насихаттау;

- Отандық композиторлар мен орындаушыларды қолдау және дәріптеу;

- Мәдени-танымдық және музыкалық білім берудің бірегей бағдарламаларын жасау.

«Classic» радиосы толығымен сандық спутниктік байланыс арқылы 18 сағат бойы үзіліссіз хабар таратуға бейімделген. Күн сайын қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстанның және шет елдердің мәдени жаңалықтары тікелей эфирден таратылады.

Бүгінде «Classic» радиосының эфирі эксклюзивті танымдық-музыкалық бағдарламалармен толығып келеді.

«Киноблюз», «Диалог», «Классикомания», балаларға арналған қазақ және орыс тілді «Музыкалық Одиссея», «Культурная мозаика с Жанией Аубакировой», «Грани», «Jazz Time», «Тылсым перне», «Игра в бисер с Нургуль Ертаевой», «Арнайы шығарылым» бағдарламалары тыңдарманның рухани қазынасына айналды. Бұл - «Classic» радиосының төл өнімдері.

«Classic» радиосында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлектері, өнертанушылар мен кәсіби музыканттар қызмет атқарады. Бағдарламалардың мазмұнды, сапалы және көркем болуы шығармашылық ұжымның еселі еңбегінің жемісі.

2013 жылы Лондонда «Classic» Радиосының «Классикомания» бағдарламасы «AIBs Inspiring Creativity Awards» телерадио хабарларын тарататын халықаралық ассоциациялар байқауында көңіл сергітетін, білім беретін, біртума бағдарлама ретінде арнайы дипломмен марапатталып лауреат атанды.

2013 жылы Fashion TV Awards рәсімінде «Classic» радиосына «За то, что не выходит из моды» сыйлығы тапсырылды.

라디오 연락처

주소: Желтоксан 177, Алма-Ата 050013
전화: +7 727 393 2178
사이트:
Email: [email protected]
Facebook: @RadioClassickz
Twitter: @Radio_Classickz

아스타나의 현재 시각: 07:42, 01.17.2026

무료 Online Radio Box 애플리케이션를 스마트폰에 설치하고 언제 어디서나 좋아하는 라디오 방송을 온라인으로 청취하세요!